Жаңақала ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала ауылы.
Географиялық орны Батысында Бөкей Ордасы, солтүстігінде Казталов, шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, Каспий жағында оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Қараөзен - ұзындығы 70 км, Сарыөзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр - ұзындығы 25 км. Топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады.
Шаруашылығы Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Аудан - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Халқы 1939 1959 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25364 13755 19237 21307 23560 23505 24029 Тұрғындар саны - 24 029 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 98,03%, басқалары - 1,97%.
Ауылдық округтер 22 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылы 3 1488 Жаңажол ауылдық округі Жаңажол ауылы 3 1326 Жаңақазан ауылдық округі Жаңақазан ауылы 2 2156 Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылы 1 9325 Көпжасар ауылдық округі Көпжасар ауылы 3 1748 Қызылоба ауылдық округі Қызылоба ауылы 3 1636 Мәстексай ауылдық округі Мәстексай ауылы 2 1737 Меңдешев ауылдық округі Қырқопа ауылы 1 696 Пятимар ауылдық округі Пятимар ауылы 4 1389
Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Жаңақала ауыл 9325 Жаңақазан ауыл 1809 Көпжасар ауыл 1597 Мәстексай (Ленинское) ауыл 1276 Қызылоба (Красногорское) ауыл 1249 Бірлік ауыл 1183 Пятимар ауыл 1051 Жаңажол ауыл 824 Қырқопа (Кармановка) ауыл 696
Аудан басшылары Сатқали Сапаров (1972-1976) Әділғазы Нұрғалиев (1976-1991) Төлеген Мерғалиев (1992-2010)“Әкім дегеніміз – халыққа құл болу” Лавр Хайретдинов (2011-2017) Наурызбай Қарағойшин (2017-2021) Дархан Закарин (2021-2023) Алпамыс Көшкінбаев (2023-)
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы