Тасқала ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қараша айында құрылып, "Каменка ауданы" деп аталған, 1993 жылдан қазіргі атауын иеленді. Ауданның аумағы - 8 068 км².

Географиялық орны Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Саратов облысы аумағымен, батысында Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, оңтүстігінде Ақжайық, шығысында Казталов аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның орталығы Тасқала, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан. Аудан Қазақстан мен Орталық Азияны Ресейдің еуропалық бөлігімен жалғайтын темір жол және Орал – Тасқала – РФ бойында орналасқан.

Жер бедері Ауданның жалпы жер қыртысы тегіс. Ең биік төбесі Ешкітау (Ичка), теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр. Бұл облыстағы ең биік нүкте. Ауданның гидрографиялық жүйесінде Деркөл, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері бар. Аудан арқылы Шежін, Мереке, Қазақстан, Қосшы ауылдық округтері аумағынан өтетін, Киров су қоймасынан өз бастауын алатын Жайықбай каналы өтеді.

Шежін ауылдық округінің аумағында Бірқазан мемлекеттік қорығы бар. Онда табиғатта сирек кездесетін су құстары мен жыртқыш аңдар мекендейді.

Гидронимдер Шажа – Батыс Қазақстан облысындағы өзен. Шажа – "таудың шынар басын мекендейтін, дауысы ащы құс" (ҚТТС, 10Т, 86). Бұл сөздің шаж еліктеуіш сөзінен жасалып тұрғанын байқау қиын емес (шаж+а). Шажа гидрониміне қарап, шажа құсы тек тау басын емес, өзен бойында да мекендеуі мүмкін екенін көреміз. Атау сол құстың бар екенін білдіріп тұр.

Білім саласы Тасқала ауданының жалпы орта білім беру жүйесі өте жоғары деңгейде. Тасқала ауданының оқушылары әртүрлі деңгейдегі білім сайыстарына қатысып жоғары орындарды иеленіп келеді. Аудан ҰБТ нәтижелері бойынша алдыңғы қатарларда тұрақты орналасып келеді. Аудан білімінің деңгейін көтеруде 2005 жылы негізі қаланған "Сәулет" мектеп-лицейінің үлесі зор. Сәулет лицейі облыс орталығының алпауыттарынан қалыспай айтарлықтай бәсеке көрсетеді, лицейдің әсіресе жаратылыстану пәндері бойынша жетістіктері зор.

Пайдалы қазбалары Құрылыс материалдары жасақталған - ақ балшық, құм және гравиі бар, ауданда 5 пайдалы кен орындары және күйдірілген, отқа тұрақты селикат тасын дайындауға арналған цемент қоспасына бай тас шығару шикі заты бар 3 кен орны ашылған.

Зерттеу барысында анықталған өндіріс әйнегіне жарамды кварц құмы, тау тектес өндіріске пайдалы шебін қорлары анықталған. Сонымен қатар аудан аумағында көгілдір газбен мұнай қоры орналасқан жер анықталды.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 38758 14606 21237 22131 21605 20645 17202 16588 Халқының саны 2019 жылы 16 701 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 88,96%, орыстар – 8,68%, басқалары — 2,35%.

Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылы 4 1044 Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылы 2 1227 Достық ауылдық округі Достық ауылы 3 736 Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылы 4 976 Қосшы ауылдық округі Оян ауылы 2 618 Мерей ауылдық округі Мерей ауылы 5 1551 Мереке ауылдық округі Мереке ауылы 2 731 Тасқала ауылдық округі Тасқала ауылы 3 8446 Шежін ауылдық округі Шежін-2 ауылы 3 1019

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Тасқала (Каменка) ауыл 8118 Амангелді ауыл 1226 Шежін-2 ауыл 971 Ақтау ауыл 962 Мерей (Логашкино) ауыл 929 Атамекен (Совхозное) ауыл 836 Мереке (Подтяжки) ауыл 680 Достық (Семиглавый Мар) ауыл 554 Оян (Мартыново) ауыл 538

Дереккөздер

Санат:Тасқала ауданы