Шыңғырлау ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Орталығы – Шыңғырлау ауылы, Орал қаласына дейінгі қашықтығы – 225 км. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,2 мың шаршы км тең.

Географиялық орны, жер бедері thumb|left|300px|Торыатбас Оңтүстігінде Қаратөбе, батысында Сырым, Бөрлі ауданы, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда ауданымен шектеседі. Аудан аумағының жер бедері тегіс. Ең ірі өзендер: Елек, Шыңғырлау, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 16889 20548 27960 28505 26400 21799 16116 14496 Халқының саны 2019 жылы 14 744 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 85,54%, орыстар – 7,40%, басқалары — 7,06%.

Әкімшілік бөлінісі center|300px 25 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы 2 517 Ақтау ауылдық округі Ақтау ауылы 2 458 Ақшат ауылдық округі Ақшат ауылы 2 1313 Алмаз ауылдық округі Алмаз ауылы 3 723 Ардақ ауылдық округі Ардақ ауылы 1 330 Ащысай ауылдық округі Ащысай ауылы 5 813 Қараағаш ауылдық округі Қараағаш ауылы 4 558 Шыңғырлау ауылдық округі Шыңғырлау ауылы 6 8320

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Шыңғырлау ауыл 7639 Ақшат (Лубенка) ауыл 1313 Алмаз ауыл 532 Ащысай ауыл 511 Ақбұлақ (Тасмола) ауыл 500

Шаруашылығы Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған.

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы