Бөрлі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы - Ақсай. Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымында құрылған, қазіргі шекарасы бойынша 1965 жылы қалыптасты. Аудан аумағы 5 556 шаршы километр алаңды алып жатыр.

Географиялық орны, жер бедері, климаты Аудан шығысында Шыңғырлау, оңтүстігінде Сырым, батысында Теректі, Бәйтерек аудандарымен және солтүстігінде Жайық өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан жері өзен, сай-жыралармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 250 мм. Аймақтың жері шөлейт белдемде жатыр. Аудан аумағынан Жайық, Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 13181 28538 39667 37933 42054 48958 53235 56541 Аудан тұрғындарының саны 2019 жылы 56 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар 70,90%, орыстар 19,09%, украиндар 5,33%, татарлар 1,74%, беларустер 0,70%, немістер 0,34%, мордвалар 0,29%, башқұрттар 0,21%, өзбектер 0,18%, басқалары 1,22%.

Әкімшілік бөлінісі center|300px 28 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы 1 776 Ақсай қалалық әкімдігі Ақсай қаласы 3 43080 Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылы 2 599 Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылы 2 3726 Бумакөл ауылдық округі Бумакөл ауылы 3 974 Достық ауылдық округі Достық ауылы 1 405 Жарсуат ауылдық округі Жарсуат ауылы 3 1392 Кеңтүбек ауылдық округі Кеңтүбек ауылы 2 1038 Қанай ауылдық округі Қанай ауылы 2 599 Қарағанды ауылдық округі Қарағанды ауылы 1 612 Қарақұдық ауылдық округі Қарақұдық ауылы 1 317 Приурал ауылдық округі Приуральное ауылы 1 1280 Пугачёв ауылдық округі Пугачёво ауылы 3 2489 Успен ауылдық округі Успенка ауылы 3 851

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Ақсай қала 36293 Қызылтал ауыл 5865 Бөрлі ауыл 3703 Пугачёво ауыл 2427 Приурал ауыл 1280 Жарсуат ауыл 1054 Кеңтүбек (Григорьевка) ауыл 966 Аралтал ауыл 922 Ақбұлақ ауыл 776 Бумакөл ауыл 619 Қарағанды (Кирово) ауыл 612 Қанай ауыл 559

Жол торабы Бөрілі ауданы арқылы Саратов – Елек (Илецк) темір жолы, Ақсай – Жымпиты – Шыңғырлау автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығынан облыс орталығына дейінгі арақашықтық 120 км. Темір жол ұзындығы 85 км, ол облыс жолдары ұзындығының 17,1 % құрайды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 465 км, оның ішінде 240 км қатты жабындымен, 220 км қиыршық тас жабындымен және 5 км топырақ жабындымен жабылған.

Пайдалы қазбалар Кен байлықтарынан мұнай, газ (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны), табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Аудан аумағында пайдалы қазбалардың 10 кен орны белгілі, олардың біреуі - мұнай-газ, қалғаны - құрылыс материал. Кен орны қорының мөлшері, өнімділігі және қызмет мерзімі бойынша бірегей болып табылады.

Шаруашылығы Негізінен астық өсіру мен мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 553,2 мың га, оның ішінде егістігі 86,3 мың га, жайылым 56,2 мың га, шабындық 9,7 мың га.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданы