Ащыөзек – Еділ мен Жайық аралығындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары жерінде. Ұзындығы 258 км, су жиналатын алабының аумағы 7150 км2.

Бастауы Жәнібек ауданындағы Байдуков ауылының оңтүстік-шығысына қарай 3,5 км жерден басталып, Казталов ауданындағы Аралсор ауылының маңындағы Жалпақсор көліне құяды.

Гидрологиясы 7 саласы бар. Алабында жалпы су көлемі 0,67 млн/м3 болатын шағын тоғандар салынған. Басты салалары Шерімбетсай, Берішарал. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. Аңғары айқын емес, жайпақ беткейлі. Өзен қайраңдармен кезектесіп отыратын иірім (қарасу) тізбегінен тұрады. Қар суымен толығады. Қараша – сәуір айлары аралығында қатып жатады. Суы жайылмадағы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Еділ су алабы өңірі өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Жәнібек ауданы өзендері Санат:Казталов ауданы өзендері