Ащытастысор – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ащы көл. Торғай, Жыланшық өзендерінің аралығында, теңіз деңгейінен 140 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 48,9 км2. Ұзындығы 13,3 км, ені 5,8 км. Жауын-шашын мол жылы толысып отырады. Жағалауы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы