Ащысай — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Ащысай ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратаудың беткейіндегі Көкқиясай өзенінің басталар жерінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен38392176 1677 77,1 1099 880 80,1 1077 797 74

Тарихы 1932 жылы қорғасын-мырыш кен орнын игеруге байланысты Ащысай елді мекені құрылды. 10 мыңға дейін тұрғыны бар ауылда, Ахполиметалл зауыты жұмысын бастады. 1929 жылы Ащысай полиметалл комбинаты, 1966 жылы Ащысай металлургия зауыты жұмыс істей бастады. 1938 жылдан бастап кент болған. 1990 жылдардың ортасында шахталар мен зауыттар жабылды.

Кентауға апаратын теміржол бар еді, қазір бөлшектелген.

Инфрақұрылымы 2 мектеп, аурухана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Кентау қалалық әкімдігі елді мекендері