thumb|right|200px|Сәбидің еңбектеуі. Суретін салған Б. Қақабаев. Еңбектеу – нәрестенің өсіп, буыны беки бастаған кезде төрт тағандап өздігінен жүруі.

Сәттілік тілеу Өздігінен жылжып еңбектей бастаған баланың қадамына сәттілік тілеу мақсатында еңбектеп тұрған баланың бауырынан бас-сирақ салынған табақты үш рет өткізіп бауыраяқ жосынын атқарады. Әбден толық еңбектеп үйреніп, қаз тұрып, жағалай бастаған баланы анасы сүйемелдей тәй-тәй басқызып, буынының қатайып, аяғын тез басуына ықпал етеді. Еңбектеу және еңбектеу үрдісінде атқарылатын сан алуан ғұрыптар мен ырым-тыйымдар сәбидің тіршілік циклындағы ең жауапты әлеуметтендіру кезеңдерінің бірі болып табылады.ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “Слон”, 2012. – (иллюстрацияланған) ISBN 978-601-7026-17-22-том: Е – И – 736 бет.ISBN 978-601-7026-20-2

Дереккөздер

Әдебиеттер Колбасенко И.С. Киргизская колыбель. Несколько слов об уходе за детьми у киргизов. ПКАГО. Киев, 1890. Т.3. Вып.6. С.101-105.; ҚР ҰМ материалдарынан; ОМЭЭ – материалдарынан.

Санат:Қазақ мәдениеті Санат:Қазақ салт-дәстүрлері