Сэмюэл М. Рэйми (,"...IMDB. Олар менің толық есіміме ат қосты, мені Сэмюэль Маршалл Рэйми деп қойыпты, екінші атым бар екенін да білмедім. Менде оның орнына бір әріп ғана бар, «М»." 23 қазан 1959 жыл, Окленд) — америкалық кинорежиссёр, актёр, продюсер және сценарийші. Ең белгілі туындылары қатарына Зұлым өліктер (1981–) франшизасы, Өрмекші-адам трилогиясы (2002–2007) және Диснейге жасаған түрлі фэнтези фильмдері жатқызылады.

Өмірбаяны Жанұясы және білімі Сэм Рэйми Мичиган штатының Окленд округіндегі қаласында, еврейлер отбасында дүниеге келген. Ата-аналары — саудагерлер Силия Барбара (туған тегі Абрамс) және Леонард Рональд Райми, бабалары қазіргі Ресей мен Мажарстаннан Америкаға келген еврейлер болған.

Інісі Тед — актёр, ағасы Айван — сценарист және дәрігер және әпкесі Андреа Рэйми Рубин — сот репортёрі. Басқа бір ағасы, Сандер 15 жасында Израильде байқаусыздан суға батып кетті, Рэйми бұл оқиғаның отбасыны жақын қылды деп айтты. Рэйми сонымен қатар Сандердың оны алғаш рет Өрмекші-адам кейіпкерімен таныстырып, оның комикстерге деген сүйіспеншілігін оятқанын айтты.

Рэйми Гроувз орта мектебін бітірді, кейін Мичиган штатының университетіне де, Боккони университетіне де оқуға түсті, онда ол ағылшын тілін оқыды, бірақ «Зұлым өліктер» фильмін түсіремін деп үш семестрден кейін оқуын тоқтатты.

Мансабы нобай|солға|San Diego Comic-Conдағы Сэм Рэйми, 2014 жыл Рэймидің фильмдерге деген қызығушылығы әкесінің үйге фильм камерасын алып келген салысымен оянған. 1975 жылы таныс болған досы Брюс Кэмпбеллмен бірге ол үйден әуесқой кино жасайтын. Колледждегі оқуы кезінде ол Кэмпбелл мен бауырының бөлмелесі болған Роберт Тапертпен бірге $375,000 жинаған 32 минуттық «Орманда» қорқынышты фильмін және «Бұл — өлтірушілік!» дебюттік фильмін түсірді. Отбасы, достары және инвесторлар қаржысы және көмегі арқылы Рэйми хитке айналған және мансабын бастаған «Зұлым өліктер» (1981) табысты қорқынышты фильмінің өндірісін қаржыландыра алды.

Ұзақ уақыт бойы комикстерге қызығушылығы бар Рэйми кейін «Көлеңке» суперқаһарман кейіпкерін фильмге бейімдеуге тырысты, бірақ авторлық құқықтарға қол жеткізе алмағасын өзінің супер-қаһарманы Darkman (1990) ойлап тапты. Бұл фильм оның алғашқы ірі студиялық картинасы болды және коммерциялық тұрғыдан табысты болды, екі сиквелы да шықты.

1990 жылдары Рэйми басқа да жанрларға көшті, нәтижесінде «Жылдам және өлі» (1995) уэстэрні, я «Қарапайым жоспар» (1998) қылмыс триллері сияқты фильмдер жасалды.

Рэйми Өрмекші-адам комикс сериясынан бейімделген аттас блокбастерімен (2002) үлкен сыни және коммерциялық табысқа жетті. Фильм дүние жүзінде 800 миллион АҚШ долларынан астам табыс тауып, екі сиквелді дүниеге әкелді: режиссері Рэймидің өзі болған Өрмекші-адам 2 және Өрмекші-адам 3 әрқайсысы шамамен 800 миллион доллар жинады. Үшінші «Өрмекші-адам» фильмі аяқталғаннан кейін ол тағы екі сиквел шығаруды жоспарлады (Sony Picturesтің үш сиквелді жоспарлағанына қарамастан), бірақ көңілінен шығатын сценарий таба алмады. 2022 жылы Өрмекші-адам 3 туралы ой елегінен өткізген Рэйми Rolling Stoneға былай деді: "Бұл мен үшін өте күрделі тәжірибе болды. Мен өзімді осы үшін өтеу үшін Өрмекші-адам фильмін түсіргім келді. [Түсірілмей қалған] Өрмекші-адам 4 — бұл шынымен де осы жайлы болды. Менің [фильмдер сериясын] жоғары нотада аяқтағым келді, «сол да жарайды» деңгейіндегі фильммен аяқтағым келген жоқ. Менің ойымда болған стандарттың жоғары болғаны сонша, мен оған жете алмаймын деп ойладым». Ол Марк Уэббпен бірге екеуі Marvel Studios-тің Джон Уоттс түсірген Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ фильміне шығармашылық кеңесші ретінде шақырылды.

Рэйми 2013 жылдың 8 наурызында Walt Disney Pictures шығарған және дүние жүзінде 493 миллион доллар жинаған «Ұлы және қорқынышты Оз» фильмін басқарды. Ол жоспарланған жалғасын басқармайтынын айтты.

2020 жылдың 5 ақпанында Рэймидің Marvel Studios-пен «Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам» режиссерлік ету үшін келіссөздер жүргізіп жатқаны жарияланды, және Рэйми бұл фильм түсіріліміне қатысын 2020 жылдың сәуірінде растады. Бұл — Рэймидің 2007 жылы Өрмекші-адам 3 фильмінен кейін 15 жылдан астам уақыттан кейін суперқаһармандық фильм жанрына қайта оралуы.

Жеке өмірі 1993 жылдан бері Рэйми белгілі канадалық актер қызы Гиллиан Гриннға үйленген, олардың бес баласы бар. Жасы ең үлкен үш баласы Өрмекші-адам 3 фильмінде көпшілік көріністе болды.

Фильмографиясы Фильм Жыл Атауы Кинорежиссёр Сценарийші Қосымша ақпарат 1977Бұл — өлтірушілік! Әуесқой фильм болған 1981 Зұлым өліктер 1985 Қылмыс толқыны 1987 Зұлым өліктер 2 1989 Жеңіл дөңгелектер фильм жазуларында "Силия Абрамс" деп жазылған 1990 Darkman 1992 Натттар үйі фильм жазуында "кіші Алан Смити" деп жазылғанҚараңғы әскері фильмді өңдеген (фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған) 1994Хадсакердің қолғабысшысы Сондай-ақ 2-бөлімінің режиссёрі 1995Жылдам және өлі 1998Қарапайым жоспар 1999Ойынға махаббаты үшін 2000Сыйлық 2002Өрмекші-адам 2004Өрмекші-адам 2 2005Айқайлайтын миы бар адам фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған 2007Өрмекші-адам 3 2009Мені тозаққа ала кел 2013Ұлы және Қорқынышты Оз 2022Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам

Теледидар Жылы Атауы Кинорежиссёр Сценарийші Телепродюсер Құрушы Қосымша ақпарат 1994–1997 M.A.N.T.I.S. Wrote story for "Pilot" 1995–2001 Зена — жауынгерлер патшайымы 1997 Тыңшы ойыны 2008–2010 Іздеушінің аңызы 2014 Rake 2 episodes 2015–2018 Эш зұлым өліктерге қарсы "El Jefe" эпизодінің режиссёрі және сценарийшісі 2020 Қорқыныштың 50 штаты 3 эпизоді

Дереккөздер

Санат:Мичиган штатының университеті түлектері Санат:АҚШ телережиссёрлері Санат:АҚШ телепродюсерлері Санат:Экшн-фильм директорлары Санат:Фэнтези-фильм директорлары Санат:Қорқынышты фильм директорлары