нобай|230px|Флуоресцентік затпен боялған виментин филаменттері Аралық филаменттер — эукариоттардың жасуша қаңқасын құрайтын үш негізгі құрылымың бірі. Өлшемі микрофиламенттерден жуандау және микротүтікшелерден жіңішкелеу болғандықтан, атауы аралық филаменттер деп қойылған.
Диаметрі 10 нм болатын ақуыз жіптерінен тұрады. Құрылымы жағынан — димер, яғни екі есулі мономерден құралады.
Аралық филаменттер жасушаның цитоплазмасында орналасады (тек ламиндер ғана ядрода болады). Олар жасушалардың механикалық беріктігін нығайтады, сондай-ақ десмосомдар арқылы жасушалардың бір-бірімен тіркесуін қамтамасыз етеді.
Түрлері Аралық филаменттерді құрылысындағы ұқсастықтарына қарай 6 түрге бөлуге болады: нобай|солға|280px|Мономер, димер және тетрамер 1-2) қышқылдық және негіздік кератиндер — эпителий ұлпасын және шаш, тырнақ, мүйіздерді қалыптастырады; 3) десмин, периферин, виментин, GFAP ақуыздары; 4) альфа-интернексин, нейрофиламенттер, синемин, синкойлин; 5) ламиндер; 6) филенсин, факинин.
Таксондарда кездесуі Аралық филаменттер жануарларда, оның ішінде омыртқалыларда, жұмсақденелілерде және кейбір басқа да таксондарда бар. Бірақ буынаяқтылар мен тікентерілілердің жасушаларынан мұндай филаменттер табылмады. Дереккөздер
Санат:Цитология Санат:Ақуыздар