Сарыапан – Сарысу аңғарында жатқан Көксеңгір тауларының солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарыбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан.

Географиялық орны Абсолюттік биіктігі 415 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Тау басы күмбез тəрізді доғал пішінді келген. Беткейлері көлбеуленіп жазыққа ұласады.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, бұталар өседі. Етегімен құрғақ өзен арналары өтеді. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары