Тайшек – Қарасор алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 50 км-ге жуық. Су жиналатын алабы – ойлы-қырлы. Сарықұлжа, Ақбиік, Үлкен Қарақуыс тауларының беткейлерінен басталатын жылғалардың тоғысқан жерінен бастау алып, Жарлы ауылы тұсында Жарлы өзеніне құяды. Көктемгі қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірдің аяғында тасиды. Суы ащы, мал суаруға жарамды. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы өзендері