Ежелгi түркi әдебиетi туралы жалпы түсiнiк
Қазақстан жерiнде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсiндер дәуiрiнде (III-ІI) құрылды, ғалым Абел Ремюзенiң пiкiрiнше, үйсiндер Орхон жазуын пайдалана бiлген үйсiндерден кейiнгi түрiк қағанатаы кезiнде Орхон жазулары олардың мемлекеттiк жазуларына айналған. Бұл жазумен түркi қағандары Иранға, византияға, Қытайға т.б. емшiлiк хат жазып жiберген, өлген адамдарының басына қойған құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған. Қазақстандағы жазудың тарихын бiр кездерi ғалымдар тек ислам дiнiнiң тарауымен ғана байланыстырып едi. Орхон жазуы ашылғаннан кейiн зерттеушiлер бұл пiкiрдi жеткiземiз деп тапты. Ғалымдардың жорамалдауынша Орхон жазуын түсiруге тас, түстi металл, былғары, ағаш, сүйек, жiбек сияқты метариалдарда қолданылан. Сөйтiп, бiздiң жазба мәдениетiмiздiң түп тамыры халқымыздың өз жерiнде туды. Оның негiзi-ежелгi ұлыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ құрылған кезiнде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел хандық не тайпа қажеттерi жазудың тууына негiзгi себепкер болды.
Тегiнде Орхон жазуының негiзi түрлерi құлпытастарға өте мәнерлi қолданған. Бұларды тасқа жазылған тасқа жазылған кiтап деуге болады. (Бiлге қаған, Күлтегiн, Тоныкөк). Орхон жазуының ең ескi үлгiсiнiң бiрi-Талас жазулары І-ІI ғасырлардың мұрасы. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С.С.Малов: Енисей жазулары қазiргi қазақ сөздерiнiң ертедегi төркiндерiн бiлу үшiн де көмек бере алады десе, В.Носиловтың айтуынша: "Түркi тiлдерiнiң сөз түбектерi Орхон Енисей ескерткiштерiнде-ақ қалыптасқан",-дейдi. Тiлдiк құрылысы жағынан ескерткiштер ескi қазақ тiлiне мүлде жақын. Сөйлемi мен сөз тiркестерi оқуға жеңiл. "Көрүр көзiм көр мез тег, бiлiр бiлiгiм бiлмөз тег" (көрер көзiм көрместей, бiлгiр ақылым бiлместей). "Тәңри йарылқазу" (тәңiр жарылқасын) т.б. Бұл сөйлемдер түркi тектес халықтарға түсiнiгi және құрылысы жағынан көп өзгешелiгi жоқ. Қазақтың қазiргi сөйлеу тiлiнен алшақ емес. Осыдан болса керек: "Менiң түсiнiгiмше",-дейдi профессор С.Аманжолов,-қазiргi дулаттар І-ІIII ғасырлардағы ежелгi Орхон-Енисей түркiлерiнiң тiкелей ұрпақтары. С.Аманжолов қазақтың ежелгi рулары мысалға келтiредi. Олардың iшiнде Үйсiн, Қаңлы, Керей, Найман, Қыпшақ, Кердерi рулары ескi мәдениетi бар ерте құрылған мемлекет сипатындағы iрi рулар, жалықтар едi деп дәлелдеді. Орта Азиядағы түркi халықтары әдебиетiн зерттеушi Н.Бертельс те осыған ұқсас пiкiрлер айтады.
Енисей өзенi аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сибирьде айдауда жүрген Швед офицерi И.Т.Страленберг пен немiстiң белгiлi ғалымы Д.Г.Мессершлеид т.б. ХІIII ғасырдың бас кезiнде жазған мақалалары мен хаттары бар екенi белгiлi. Скандинавия халықтарының тiлiнде "Руно", яғни "Руна" деген сөз қазақшаға аударғанда "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағына бередi. Табберт Страленберг өзi тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгiсiз болып келген, ешкiм түсiнбейтiн жат жазуды өз елiнiң тiлiнде "руна" жазуы деп атаған едi. Бұл тiл бiлмiнiң терминi ретiнде бертiн келе аталып кеттi. Орыс Географиясы қоғамының Шығыс-Сибирь бөлiмi 1989 жылы Монғолия арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгiлi орыс саяжатшысы, әрi ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзенi аңғарынан "құпия" жазуы бар үлкен-үлкен екi ескерткiш тапты. Осы құлпытастардағы белгiсiз жазулардың сырын ашу үшiн В.В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бiрқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамы Енисей өзенi бойына Минусинск қаласына екi мәрте ғылыми экпедиция жасап қайтқан едi. Сөйтiп 1882 жылы Петербург пен Гельсинфорста орысм және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытыныдысы туралы есептерi баспасөзге жарияланды. Ғалымдар ескерткiштерiндегi жазуларды суретке түсiрiп, аралас жасаған едi. Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-i күнi Дания корольдiк Ғылым академиясының мәжiлiсiнде Вилгельм Томсон ғылыми әлемдi дүр сiлкiндiрген мәлiмдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендерi бойынан табиғати ескерткiштерiндегi құпия жазуды оқудың кiлтiн тапты. Сондай-ақ ол бұл ескерткiштер түркi халықтарының тiлiнде жасалғанын мәлiмдедi. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздерi "тәңiрi" және "түрiк" деген сөздер.
Дәл осы кезде В.В. Радлов та өз бетiнше iзденiп руна жазуының он беске жуық әрпiн анықтап алған едi. Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.В. Радлов Орхон өзенi бойынан табылған үлкен тастардағы текстiн толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.
Орхон-Енисей жазба ескерткiштерiн оқу, басқа тiлге аударма жасау және ғылыми текстiн дайындау iсiне В.В. Радлов, В.В.Томсене, Ю.Немет, Х.Н. Оркун т.б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсiресе, көрнектi ғалым С.Е.Маловтың бұл саладағы еңбегiнiң маңызы ерекше болды. Ол көне түркi ескерткiштерiнiң орыс тiлiне дұрыс тәржiмалануына баса назар аударды, бiрқатар аудармаларға түзетулер енгiздi. Ең бастысы осы текстерге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсiнiк сипаттама бердi. Көне түркi тiлi мен әдебиетiн зерттеушiлер, әсiресе, Күлтегiн, Бiлге Қаған және Тоныкөк ескерткiштерiне көбiрек зер салды. Бұларды бiрнеше Европа тiлiне, орыс тiлiне, қазiргi түркi тiлдерiне тәржiма жасады. Ғалым: И.Е.Стеблева да ыждаїаттшылықпен өз еңбегiн үлесiн түркi жазба ескерткiштерiн зерттеуге қоса алды. Ол тұңғыш рет көне түркi тiлiндегi жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, Үйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын т.б. теориялық тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-соңды айтылған түрлi болжамдары белгiлi ғылыми жүйеге келтiрдi. Әсiресе оның ежелгi түрiк сөз зергерлерiнiң образ жасау әдiстерi, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көрiктеу құралдары тарихи шындық пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқан ой-пiкiрлерi бүкiл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған жүйелi үлес болды. Қазақтың көрнектi ғалымы Жолдасбеков көне түркi әдеби жәдiгерлерiндегi қазақ әдебиетiне ықпалын тұңғыш рет арнайы зерттеу обьектiсi етiп алғаны мәлiм.
Күлтегiн жырында ғалым Гумилев Л.Н. айтқан жайтта кездеспейдi. Күлтегiн жазуының авторы-Иоллығ тегiн Түрiк қағанатының шежiресiн тарихшы ретiнде мақтап жазғысы келсе, қағанаттың атақ даңқы мейлiнше өрлеп тұрған кезеңiне тоқталмай өтпес едi. Автордың мақсаты-"көк түркiлердiң" тарихын жазу емес, түркi халқының бұрынғы дәстүрiн өз замандастарына идеал етiп көрсету. Ол түрiк қағанатының гүлденген дәуiрiн Бумын қаїанның есемiмен байланыстырады. Автор ғана. Бұл жырлар таза көркем шығарма бұған дәлел Иоллығ-тегiн көптеген тарихи деректердi көркем шығарма тудыру мақсатына орайластырып бұрмалап алған. Оларды кейiн тарихшы ғаымдар дәлелдедi.
Күлтегiн (684-731)-ежелгi түркi мемлекетiнiң көрнектi әскери қолбасшысы, сол дәуiрдiң белгiлi қоғам қайраткерi. Орхон ескерткiштерiн поэзия, ерлiк, жырлары деп алғаш бағалаған ғалымдардың бiрi-академик-жазушы М.Ауезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткiштердiң мазмұны мен сипаты туралы айта келiп батырлар жырына ұқсастығына тоқталды.
Орхон жазба ескерткiштерi композициялық құрылысында өзiндiк ерекшелiктерi бар. Бұл ерекшелiктер сөз дәуiрдiң әдеби дәстүрiне байланысты болса керек. "Күлтегiн", "Тоныкөк", "Бiлге қаған" жырлары өз замандарының белгiлi бiр әдеби талаптарына сай жазылса керек. Құлпытастағы бiр жол жазудың өзi-бiр ғана ойды бiлдiруге арналған бiрнеше сөйлеммен тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негiзгi ойы әдеттегiдей бiр сөйлеммен емес, бiр циклдан екiншi циклға берiлiп жатады.
"Қорқыт ата" кiтабы. "Оғызнама" эпосы.
"Қорқыт ата" кiтаб-түрқi теқтес халықтардың ежелгi тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық, әрi тарихи (тұлға) мұра. Қорқыт ата хиқаясы-ҮII-ҮIII ғасырларда Сырдария бойын меқен етқен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретiнде бүгiнгi қүнге дейiн өзiнiң әдеби, тарихи, этнографиялық т.б, мәнiн жоймаған, аса құнды қөрқем туынды. Тарихи дереқтер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт-ҮIII ғасырда Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан қүйшi, аңыз қейiпкерi. Қорқыттың анасы Қыпшақ тайпасынан, әқесi Қарақожа оғыздарынан екенi мәлiм. Мiне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол қезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екi жаққа бiрдей ел ағасы атанған.
Қорқыт туралы аңыздар тарихта болған шын оқиғамен байланасып, ұштасып жатады. Мәселен, Қорыт есiмiне байланысты ел арасынд көп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бiрi-Баршынкент. Бұл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуiрдегi ең көрнектi қала болғанын тарихшы археологтар дәлелдеп отыр. Баршынкент сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы қезге дейiн "Қыз қала" деп атап келедi. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршынкент сұлу (яғни Гүлбаршын) осыдан тұрған делiнедi.
Ал тарихшылар ХII ғасырдың атақты ғалымы өз жырларын түркi, араб және парсы тiлдерiнеде жазған дарынды ақын. Х.Баршыұлының осы қалада туып, осында өмiр сүргенiн дәледейдi.
"Қорқыт ата" қiтабын он екi жырдан немесе он екi қаһармандық дастаннан тұрады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн "Қорқыт ата" қiтабының екi қолжазба нұсқасы сақталып қелген. Солардың бiрi қазiр Германиядағы Дрезден қалалық кiтапханасының сирек кездесетiн қолжазбалар қорында сатулы тұр. Осы Дрезден қолжазбасы он еқi жырдан, басқаша айтсақ, он екi оғыз-намеден тұрады.
Ал, "Қорқыт ата" кiтабының екiншi қолжазба нұсқасы ватикандағы Аростолика қiтапханасында сақталып келедi. Бұл қолжазба алты жырдан құралған. Қiтап "Хиқаят оғыз-наме Қазанбеқ уа ғайри" деп аталады. Мұны осы қiтапханадан тауып, италян тiлiне тұңғыш рет айдарған ғалым Этторе Росси болды.
"Қорқыт ата" қiтабының Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тiлдерiне аудару iсi ХIХ ғасырдың бiрiшi жартысында басталған едi. 1815 жылы немiстiң белгiлi ориенталист ғалымы Г.Ф.Дииз бұл шығарманың бұл таруын-сегiзiншi хиқаясын немiс тiлiне аударып, баспасөзде жариялды. Еқiншi бiр немiс ғалымы Теодор Нелдеқе "Қорқыт ата" қiтабын немiс тiлiне толық аударып шықпақ болды. Бiрақ ол бұл iстi аяғына дейiн жетқiзе алмады да, барлық материалдарын өзiнiң шәқiртi В.В.Бартольдқе тапсырды. В.В.Бартольд бұл қiтапты зерттеу, аулару iсiмен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтiп, ол "Қорқыт ата" қiтабын 1922 жылы орыс тiлiне аударып шықты. Бiрақ ғалымның қөзi тiрiсiнде аудармасы жарық қөрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы ақадемиқ В.М.Жирмунсқий мен А.Н.Қононовтың редақциясымен басылып шықты. Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуiрiнiң ғажайып әдеби есқертқiшiн зерттеуге А.Н.Салайлович, В.В.Вельяминов-Зернов, Қ.А.Иностранцев, А.Þ.Яқубовсқий сияқты қөрнеқтi орыс ғалымдары да мол үлес қосты. Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тiлдiқ тұрғыдан қомплеқстi түрде зерттеген белгiлi ғалым, қөрнеқтi түрқолог Х.Г.Қороғлы болды. Станбул Университетiнiң профессоры Эргин Мухоррем "Қорқыт ата" қiтабының толық теқстiн латын әрпiмен трансқрипция жасап бастрып шығарады. Бұл қiтапқа қосымша ретiнде шығармашылық Дрезден және Ватиқан қолжазба нұсқаларының фоқсимилесi де енгiзiлдi. Қазқстан ғалымдарынан "Қорқыт ата" қiтабын зерттеу, аудару, насихаттау iсiне Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Бәйдiлдаев, Ш,Ыбыраев белсене ат салысып қелдi.
"Қорқыт ата қiтабы" сол қездегi оғыз-қыпшақ тайпаларының брiне ортақ, түсiнiқтi қөне түрқi тiлiнде жазылды.
"Қорқыт ата қiтабын" зерттеушi ғалымдар: Ш.Ш.Уалиханов, В.В.Бортольд, В.М.Жирмунский, Д.Копрулузаде, О.Ш.Қоқжай, Этторе Росси. Бұл салада Италия ғалымы-Этторе Росси ұзақ жылдар жемiстi еңбеқ еттi. Ол "Қорқыт ата" қiтабының тең жартысынан астамы Қанабеқтiң ел қорғаған ерлiгiн, ел-жұртқа жасаған iзгiлiқтi iстерiн жырлауға арналған. Қазанбеқ бұл шығарманың сþжетiне негiз болған тарихи адам. Сондай-ақ "Қөроғлы", "Жүсiп пен Ахмет" сияқты түрқiмен халқының эпостарында да Қазанбеқтiң есiмi жиi-жиi айтылады.