Зәйбун-Ниса немесе Зеб ун-Ниса Бегум Сахиба () , лақап есімі Махфи (1639, Үндістан, Дели – 1702, сонда) – үндістандық түркі ақыны, Моғол империясының билеушісі (1658 – 1707), Аурангзеб Аламгирдің қызы.
Зәйбун-Ниса математика, философия, әдебиет, астрономия секілді түрлі ғылым салаларын меңгерген. Каллиграфиясымен де танылған. Сонымен қоса, оның бірнеше тілдерді білгені жеткен. Олар: туған тілі парсы, сосын араб, үнді, түрік тілдері. Шығармаларын, негізінен, парсы және тәжік тілдерінде жазған. Зәйбун-Ниса өлеңдері төрт мыңнан астам бәйіттер мен ғазалдардан тұрады. Бәйіттері мен ғазалдарында адамның жан дүниесі мен мұңды өмір-тіршілігін асқан сезімталдықпен жырлады. Оның өлеңдері нәзік лиризмге толы. Құран Кәрімге жазған түсіндірмесі (“Зәйбут-Тәфәсир”) Зәйбун-Нисаның араб әдебиеті мен ғылымын жан-жақты терең білетінін танытады. Оның есімі бірқатар Шығыс елдеріне ертеден таныс."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлімЗебуниссо. Огонь и слёзы. М. 1983 Мұхаммед Хайр Юсуф өзінің «Исламның көкірегінен (басынан) қазіргі ғасырға дейінгі тәпсіршілер жинағы» еңбегінде тәпсірден кітап жазған жалғыз әйел деп білетінін айтады. Бай кітапхана қоры болған. Кей хабарлар бойынша, ол шамамен 20000 кітапты қамтыды.
Дереккөздер
Санат:Түркі этникалық топтары Санат:1639 жылы туғандар Санат:1702 жылы қайтыс болғандар Санат:Моғол империясы Санат:Парсы жазушылары Санат:Агра тұлғалары Санат:Билеушілер Санат:Ақындар