Ақылбай (2005 жылға дейін – Дорофеевка)Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын қайта атау туралы — Ақмола облысы Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1780 жылы қаланған.
Географиялық орны Аудан орталығы — Щучинск қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км, Астана қаласынан 251 км жерде, Кіші Шабақты көлінің батысында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен952972 706 72,6 509 368 72,3 463 338 73
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, кафе, дәрігерлік амбулатория, асхана, наубайхана, байланыс және пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 2-дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған.
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы елді мекендері