Шөптікөл – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік бөлігінде, Нұра кентінен солтүстікке қарай 9 км-дей жерде орналасқан.

Гидрологиясы Ауданы 6,4 км2, ұзындығы 3,4 км, ендірек бөлігі 2,7 км. Жағалауының ұзындығы 9,3 км, су жиналатын алабының ауданы 175 км2 (90%-ы жыртылған). Шөптікөл суының біраз бөлігі көктемде арнайы қазылған канал арқылы шағын Оршабай көліне жіберіледі. Көлге Бикеш өзені құяды.

Өсімдігі Көл қазаншұңқырында өлеңшөп, бидайық, бетеге өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы