Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құядыhttps://old.bigenc.ru/geography/text/1986938.
Географиясы Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.
Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км² болатын атырау түзеді.
Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді. Өзен су қуаты қорына өте бай, бірақ оның шағын ғана бөлігі пайдаланылады.
Кариба шатқалында ірі СЭС пен бөгендер (Кариба, Кабора-Басса) салынған. Су мөлшерінің күрт ауытқып тұруы және шоңғалдар кеме қатынасына кедергі келтіреді. Ірі кемелер сағасынан 450 км-ге дейін ғана жүзе алады. Жағасындағы елді мекендер Монгу Лакалу Катима Мулило (Намибия), Сешеке (Замбия) Ливингстон (Замбия), Виктория Фолс (Зимбабве) Кариба Сонго Тете Лилуи (Замбия) Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Үнді мұхитына құятын Африка өзендері Санат:Ботсвана өзендері Санат:Ангола өзендері Санат:Мозамбик өзендері Санат:Замбия өзендері Санат:Зимбабве өзендері Санат:Намибия өзендері Санат:Шекаралық өзендер