Диқан — Жамбыл облысы Байзақ ауданындығы ауыл, Диқан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде, Талас өзенінің сол жағалауында, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13941437 1441 100,3 709 730 103 728 711 97,7

Тарихы Алғашында 1929 жылы "Диқан" колхозы болып ұйымдастырылған. Кейін "Ленин" атындағы колхоз атанған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 27.01.1996 жылғы ұйғарымымен ауыл "Диқан" болып қайта аталды.Жамбыл облысының топономикалық атаулары 1983–1997 жылдары қант қызылшасының тұқымын өсіретін Киров атындағы кеңшардың бөлімшесі болып келді. Бұрын Диқанда сүйек ұны зауыты істеген. Қазір (1997 жылдан) кеңшар негізінде өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшірлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері