Ақ құю — ұлттық ырым. Негізі — жан-жануарды аялаудан, үйге кіргендерге зәбір жасамау сезімінен туған. Үйге не кірсе де нәр іздеп келеді деп түсініп, улы жыланның басына да ақ құйып шығаратын болған. Ақ (сүт) — қазақ ұғымында аса қасиетті тағам. Ырымның мәні өзіңе зиян жасамаса, сен де тиме, дұшпаның болса да дәміңді аяма, отбасының қасиеті осы дегенді білдіреді.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология Санат:Қазақ салт-дәстүрлері