Хантағы, Қантағы — Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Хантағы ауылдық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Кентау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Қарашық (Хантағы), Біресек өзенінің сағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен95876364 5978 93,9 3126 3073 98,3 3238 2905 89,7
Тарихы Ұжымдастыру жылдары Қызылқорған, Алмалық ұжымшарлары және каучук алатын өсімдік өсірумен айналысатын Каучуконс кеңшары құрылған. Мырғалымсай қорғасын мырыш кенінің қорына байланысты Хантағы кен байыту фабрикасы 1935-1965 жылдары Шымкенттегі қорғасын зауытын шикізатпен қамтамасыз етті. 1979 жылдан кент болған.
Инфрақұрылымы Хантағыда 2 орта мектеп, емхана, ӨК, «Тұлпар» ЖШС, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кентау қалалық әкімдігі елді мекендері