Ащысай өзені – Сырдария алабындағы Құркелес өзенінің ең үлкен саласы. Түркістан облысы Шардара, Келес аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1060 км².

Географиялық орны Белтаудың оңтүстік-шығыс беткейінен, Сарыағаш қаласының солтүстік батысынан 40 шақырымдай жердегі Сарыжылға жазығындағы қыраттардан басталадыТопографиялық карта: 1 см - 2 км. Бірнеше бұлақтардың, жер асты суларының бір арнаға тоғысуынан түзіледі. Арнасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ болып келеді, өзен табанын батпақ сор басып жатыр. Қар еріген кезде өзеннің деңгейі көтеріледі. Жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. Желтоқсанның аяғында суы қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Егін суғаруға пайдаланыладыҚазақ энциклопедиясы. Бірлік ауылынан оңтүстікке қарай 20 км жерде Құркелеске құядыТопографиялық карта.

Басты саласы – Ақсай. Бұдан бөлек оннан аса саласы бар, көбі жаз айларында құрғайды, ең үлкендері: Қамысақтысай, Қауыншысай.

Жағалауында мал жайылымдары, Бірлік аулының фермалары бар.

Дереккөздер

Санат:Келес ауданы өзендері Санат:Шардара ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы Санат:Сарыағаш ауданы өзендері