Ащысай үңгірі – Түркістан облысы Созақ ауданы, Ащысай ауылы маңында орналасқан.

Сипаты Үңгір карст типіне жатады. Қаратау беткейінің әктасты қабатында жер асты суының жебір әрекетінен пайда болған. Ұзындығы 30 м, ені мен биіктігі 3 м-дей. Қабырғаларында әктастың еруі нәтижесінде әр түрлі ою-өрнекті бейнелер қалыптасып қатып қалған. Табанында түрлі пішінді карбонат үйінділері кездеседі.Түркістан облысының энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан үңгірлері Санат:Түркістан облысы географиясы