Ащысу – Қарағанды облысының Бұқар жырау, Павлодар облысының Баянауыл аудандары арқылы ағатын өзен.
Бастауы Айыр мен Желтаудағы бұлақтардан басталып, Жаркөл көліне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 276 км. Ірі салалары – Жыландыбұлақ, Қорған, Айрық, Қарасу және Күртіөзек. Аңғарының ені 7,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Жазда тартылып қарасу тізбектеріне айналады. Теңдік ауылы тұсында жылдық су ағымы 0,44 м3/с. Қараша – сәуір айларында суы қатады. Суы мол кезде тұщы, сабасына түскенде ащы келеді. Мал суаруға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері Санат:Баянауыл ауданы өзендері