Кіші Сарыоба – Есіл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте.
Аумағы Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Орташа тереңдігі 2 м.
Жер бедері мен гидрографикасы Көл төбелер қоршаған қазаншұңқырлы ойыста жатыр. Кіші Сарыобаға көктемде кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктікігі 2 – 3 м. Көл айдыны ашық, жағасынан 100 – 150 м жерде су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары тереңдігі 0,4 – 0,5 м-ге, суы мол жылдары 1,0 – 1,2 м-ге жетеді. Мұзының қалыңдығы 0,7 – 0,8 м, қыста 1 м-ге дейін жетеді. Суының минералдылығы жоғары.
Санат:Есіл су алабы Санат:Аршалы ауданы көлдері