Кіші сепкілгүл () – лалагүлдер тұқымдасының сепкілгүл туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік.

Қазақстанның сол түстік бөлігіндегі (батысынан шығыс шекарасына дейінгі) жазықтық жерлер мен аласа тауларда кездеседі. Жуашығы шар тәрізді, ақ түсті, сыртында құрғақ қабыршақты жабындысы болмайды, ені 1,5 см-дей. Биіктігі 50 см, сабағында 3 – 7 жіңішке таспа тәрізді жапырақтары кезектесе орналасады. Гүлі дара (сирек екеу), биіктігі 3 см-дей, қоңыр күлгін түсті, бірақ дақтары онша көрінбейді. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – май айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – ұзынша келген, үш қырлы қорапша. Өсімдіктің гүлі әдемі болмағанмен, көгалдандыру үшін жиі егіледі.Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Лалагүлдер