Кіші Сырғанақ – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданында орналасқан.
Жер бедері Ең биік жері теңіз деңгейінен 2400 м шамасында. Асудың солтүстік-батысынан Тебескі, оңтүстік-шығысынан Талдысу өзендерінің салалары бастау алады. Мамыр-қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай облысы асулары