Жұлдызшөп (Stellarіa) – қалампыр тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде өсетін 20 түрі бар, соның ішінде жиі кездесетіні – дымқыл Жұлдызшөп (S.medіa). Оның биіктігі 20 – 40 см-дей, сабағы жіңішке, жерге жайылып өседі. Жапырағы ланцет тәрізді, ұшына қарай сүйірленіп келген. Ұсақ ақ гүлі шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Жемісі – қауашақ. Дымқыл Жұлдызшөп – бау-бақшада, көкөніс, отамалы дақылдар егістігінде, тұрғын үйлердің маңында көп өсетін арам шөп. Оны ұсақ мал жақсы жейді."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қалампырлар