Жұмақ – Шыңғыстау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысының Абай және Аягөз аудандары шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1119 м. Ендік бағытта созылып жатқан Жұмақтың ұзындығы 3 км, енді жері 2,2 км.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы орта және төменгі палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Шығысы мен оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері тіктеу келген. Батыс және шығыс беткейлерінен Қыстаубай және Қос өзендері бастау алса, оңтүстік баурайынан Шеттембай өзенінің салалары бастау алады. Көлбеуленіп келген солтүстік бөлігінде Жүрекадыр ауылының Рақымжан қыстауы бар. Таудың оңтүстік шығысында 2,5 км жерде Кенесары атты зират жатыр.

Өсімдігі Жұмақтың сайлы-жыралы келген етегінде бетеге, боз, қылқан боз, т.б. далаға тән өсімдіктер өскен."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары Санат:Аягөз ауданы таулары