Жанбел, Қарасу, Қойбас, Мұқаш – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы өзен. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 376 км2.
Бастауы Маңырақ тауынан басталып, Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы Ағын модулі 1 км2-ге 1,5 – 3,0 л/с. Қар, жер асты суларымен толығады. Өзен суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы