Жанқара – Көкшетау тауының оңтүстік-батысындағы шоқы.
Географиялық орны Ақмола облысы Бурабай ауданы Озерное ауылының солтүстік-батысында 4 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 474 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оқшау келген таудың беткейі жайпақ, қатты тілімденген.
Геологиялық құрылымы Девон, силур кезеңдерінің граниттерінен түзілген.
Өсімдігі Шымды-күлгінді, шалғындық топырақ жамылғысында жусан, бидайық, арпабас, айрауық аралас шөптесіндер, қайың, терек, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. Маңайында демалыс үйлері орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Көкшетау – Щучинск темір жолы мен автомобиль жолдары өтеді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы таулары Санат:Шоқылар