Жантайсор — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылының оңтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан көл. Үлкен Қараой көлінің алабында. Теңіз деңгейінен 85 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 км. Дөңгелек тұйық көл. Қар және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуір айында ериді. Көл қазаншұңқырының түбі сазды.
Жағалау сипаты Жағалауы негізінен жайпақ. Бетеге, боз, селеу, жусан, т.б. өседі.
Санат:Ақжар ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері