Жанбазар – Түндік өзені мен оның оң саласы Ащышиөзек өзенінің арасындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау ордовик, девон, силур жыныстарынан түзілген. Абсолюттік биіктігі 888 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 – 16 км-ге созылып жатыр, ені орталық, солтүстік бөлігінде 4 – 5, оңтүстігінде 7 – 8 км. Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен аз тілімденген. Тау етектерінде бұлақтар бар.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бетеге, қызыл жусан, аустрия жусаны, жатаған қарағаш өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары