Жаман Сарысу – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағып өтеді.

Бастауы Сарыарқаның батыс бөлігіндегі Жақсытағылы, Шетшоқы және Байназар тауларының етегінен бастау алып, Көктіңкөлі көлін жарып ағады да Атасу кенті тұсында Сарысу өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 9200 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы жоғары жағында тік жарлы, енсіз келеді, бірте-бірте кеңейіп 100 – 120 м-ге жетеді. Салалары – Құрманақа, Жаманөзек, Қарағанды, Қайрақты, Сұлуайса, т.б. Жылдық орташа су ағымы 0,6 м3/с. Тамыз айынан бастап деңгейі күрт төмендейді. Жайылым суландырылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы