Жаман Тағылы – Сарыарқаның ортаңғы бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақадыр кентінен солүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан.
Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Ең биік жері 814 м. Беткейлері тегістелген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары