Жамантау – Мұғалжар тауының солтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 561 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Солтүстік-шығыс беткейі тік, оңтүстік-батысы көлбеу келген.

Геологиялық құрылымы Тау силур, девонның жасыл тасты эффузивті габбро тәрізді интрузивті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, көде, қараған және бұталы өсімдіктер өседі. Баурайында көптеген бұлақтар мен өзендер бар. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары