1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.
Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.
Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының Қазақ комитеттерінің ұйымдасуы мен олардың нақты қызметтері туралы дәлірек білгіңіз келсе, К. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда...» атты еңбегін қараңыз. 92—114-беттер. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.
Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті Қазіргі зерттеушілерге толык емес мәлімет бойынша «Алаш» партиясынын 350-400-дей мүшесінің және онын жактастарынын аты белгілі. құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді.K. Тоғысовтың арнаулы зандык білімі болмаса да 1905 жылдан бастап Семей облысының Зайсан уезінде адвокаттық жұмыспен айналысты. Ленин В.И. Поли. собр. соч., т. 31, 135-6.. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды.В огне революции. Сб. воспоминаний. А., 1957, 154-6.. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.
1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар Казахстан в огне гражданской войны. Воспоминания. А., 1960, 192-6.. қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына!
Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз!
Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...».Омский вестник, 1917, 2 маусым..
Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар: саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»); отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет; құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»).
Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды.
Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты.Сибирская речь, 1917, 22 маусым; КР ОММ, 992-к., 1-т., 11-іс, 2-п..
Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді.
Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс бағдарламасының салыстырмалы түрде ұстамды болуы және осы қозғалыс көсемінің кадеттер партиясының басшыларымен бұрыннан келе жатқан байланыстары Бөкейхановты кадеттер партиясы ОК-нің құрамына кіруін қамтамасыз етті, ал бұл сөл кездегі жағдайда қажетті билік тетігіне ұлттық қозғалыс басшылығының қол жеткізуіне бірден жол ашты, жаңа жағдайда өзін көрсетуге мүмкіндік туғызды. Көп кешікпей Ә.Н. Бокейханов Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Сәл кейінірек М. Тынышбаев, одан соң Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Асфендияр Кенжин, Әзімхан Кенесарин және қазақ халқының кейбір басқа да өкілдері Қазақстан мен Түркістанның бірқатар уездері мен қалаларындағы уақытша үкіметтің атқарушы органдарының құрамына кірді. Осыдан кейін қозғалыстың кадеттермен жақындығы идеологиялық жағынан ғана күш алып қоймай, өздерінің саяси бағытын іске асыруына да қолайлы жағдай туғызды, қазақтың ұлттық қозғалыс көсемдері Кеңестерге оның идеялық-саяси бағыты мен іс-қимылына басқаша қарай бастады. Алайда бұл кейін Қазақстанның ұлттық-демократиялық қозғалысын аса күрделі жағдайға тап қылды, өйткені ол Кеңестердің айналасына шоғырланған төңкерістік- демократиялық топтардан іргесін дереу аулақ салған болатын, оның үстіне белгілі мөлшерде олармен пікір қақтығысына барып қалған еді.
Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі Уақытша үкіметтің сенімді тірегі қазақ комитеттері және бай татар мен ұйғыр көпестері еді. Ал елдегі екінші билік негізінен орыс және басқа да славян халықтарының өкілдерінен, сондай-ақ В.И. Лениннің берген анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, төменгі қалың көпшіліктің қолдауымен билікті төңкеріс арқылы тартып алуға сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері болды.Нурпеисов К. Становление Советов в Казахстане. А., 1987, 111—112-6..
Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестердін Қазақстанда пайдаболуы мен қызметінің сипаты көбіне-көп оның орталықта пайда болу құбылысымен ұқсас болып келеді. Сонымен бірге бұл процестін көптеген өзіндік ерекшеліктері де болды. Алғашқы Кеңестер Қазақстанда монархияны құлатқан бетте пайда бола бастағанымен, ол өлкенің әр өңірінде уақыт жағынан да, оған қатысқан саяси күштердің арасалмағы бойынша да түрліше қалыптасты.
Мәселен, Петропавл гарнизонында алғашқы Кеңестер 1916 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір әскери-социалистік одақ өкілдерінен РСДЖП мүшелерінің ұйымдастыруымен құрылды. 2-4 наурыз аралығында жұмысшылар Кеңесі мен солдат депутаттары Кеңесінің сайлауы өтті. 14 наурызда олар өзара бірікті. Кеңестер белгілі бір кешеуілдермен Семейде және Верныйда (9 наурыз), Қостанайда (18 наурыз), Түркістанда (22 наурыз), Павлодарда (19 сәуір) құрылған болатын.
Наурыз-сәуір ішінде жұмысшы депутаттарының Кеңестері Әулие-атада, Перовскіде, Доссорда, Қазалыда, Черняевте, Ақтөбеде, Павлодарда, Өскеменде, Риддерде, Қарқаралыда және өлкенің басқа да көптеген қалаларында пайда болды.