1917 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕГІ САЯСИ ДАҒДАРЫСТЫҢ ӨРШУІ Елдегі күштердің арасалмағындағы жаңа өзгерістер биліктін Кеңестерге өтуіне қолайлы жағдай туғызды, олардың басшылығы арқасында алдымен елдің орталығында, сонан соң жергілікті жерлерде В.И. Лениннің жолын қуушы большевиктер үстемдік ала бастады. Петроград пен Мәскеу Кеңестерін большевиктендіру В.И. Ленинге РСДЖ(б)П-ның Орталық Петроградтық және Мәскеулік комитеттеріне өзінің екі хатын («Большевиктер билікті алуға тиіс», «Марксизм және көтеріліс») жазуына негіз болды. В.И.Ленин 1917жылы 12-14кыркүйекте жазған бұл хаттарында Уақытша үкіметті құлату және Кеңестер түріндегі пролетариат диктатурасын орнату мақсатында қарулы көтерілісті дайындауды алға міндет етіп қойды. «Жұмысшы және солдат депутаттарының екі астаналық Кеңестерінде басымдыққа ие бола отырып, — деп жазды ол, - большевиктер билікті өз қолдарына ала алады және алуға тиіс. Екі астанада да халықтың революцияшыл тобының белсенділігі басым, сол себепті олар көпшілікті соңына ертеді, қарсыластарын жеңіп, билікті өз қолдарына алады және оны ұстап тұра алады».Свободная речь, 1918, 31 қаңтар..
Ресей империясының ұлттық шет аймақтарында, оның ішінде Түркістан мен Қазақстанда негізінен славян халқының, бірінші кезекте орыс халқының өкілдерінен тұратын жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінде большевиктендіру үрдісі аса табандылықпен жүргізілді. 1917 жылы 12-17 қыркүйекте Түркістан өлкесінің орталығы – Ташкентте қала жұмысшылары мен солдаттар революциялық шерулер өткізіп, жұмысшы және солдат депутаттарының Ташкенттік Кеңесі билікті өз қолына алу туралы шешім қабылдады. Ташкенттегі қыркүйек толқулары Түркістанда Кеңес өкіметін орната алмағанымен, халық арасында большевиктердің әсер-ықпалы өсе түскенінің айқын көрінісі еді. Ташкенттегі революциялық толқулар тұтас ел көлемінде, сондай-ақ Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстік-батыс өңірлерінде - Перовск, Қазалы, Түркістан, Черняев, Әулиеата уездерінде үлкен әбігерлік туғызды.
Қыркүйектің екінші жартысынан бастап билік үшін күрес едәуір шиеленісу шегіне жетті. Жұмысшылардың күресі өзінің ұйымшылдығымен, нәтижелілігімен ерекшеленді. Орал-Каспий мұнай қауымдастығына тиісті Ембі мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін және шетелдік капиталистердің жұмысшыларды заңсыз жұмыстан шығаруына қарсы күреске шығып, біраз уақыттан кейін өндіріс басшылығын іс жүзінде өз қолдарына қаратып алды.
Мұндай көрініс тау-кен өндірістерінде, бірқатар зауыттар мен теміржолдарда байқалды. Кеңестер мен фабрика-зауыт комитеттері әкімшілік өкілдерімен табанды түрде күрес жүргізе отырып, кәсіпорынның жұмысын бақылауды батыл түрде өз қолдарына ала бастады. Қарағанды темір кені басқармасының басшысы, Спасск зауыты қоймасынын меңгерушісі, Доссордағы Орал-Каспий мұнай қауымдастығы азық-түлік дүкенінің сатушылары, Спасск-Карағанды теміржолы басқармасының орынбасары өз жұмыстарынан шеттетілді.
Жергілікті Кеңестің қысымға алуымен Спасск акционерлік қоғамының басқармасы қоғам кәсіпорындарындағы (Спасск зауыты, Успенский кен орны, Карағанды көмір кені) жұмысшылар жалақысын 50-ден 150%-ға дейін көтеру талабы бойынша ұжымдық келісімшартқа қол қоюға мәжбүр болды. Петропавл, Орынбор-Ташкент магистральдарындағы шерулер мен толқулар 1917 жылы 24-26 қыркүйекте өткізілген Бүкілресейлік ереуілмен ұштастырылды.
1917 жылы күзге қарай Верныйдағы «Мұсылман жұмысшыларының бірлескен одағы», Қарқаралыдағы «Далалық одақ», Жаркенттегі «Жұмысшы одағы» тәрізді кәсіптік ұйымдардың большевик П. Салов басқаратын Семейдегі кәсіподақтардың қызметтері жандана түсті. Верный мен Жаркенттегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарында кейін коммунистер қатарына өткен Ж. Бабаев, А. Розыбакиев, А. Түркебаевтар көрнекті рөл атқарды.
1917 жылдың күзінде жергілікті және соларға тартылған басқа да ұйымдардың тапсырмасы бойынша Әліби Жангелдин, Әлібек Майкотов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Нығмет Нұрмақов, Әбдірахман Әйтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбақиевтар Ақмола, Торғай, Орал, Жетісу, Семей, Сырдария облыстарына барып, еңбекшілерге елдегі болып жатқан саяси оқиғалардың мәнін ашып берді және Уақытша үкіметке, оның жергілікті органдарына қарсы күресу қажеттігін түсіндірді.
Қоныс аударушылар Қоныс аударушылар деревнялары мен қазақ ауылдарында революциялық-аграрлық қозғалыстар да жандана түсті. Көптеген өңірлерде кедейлер салық төлеуден, Уақытша үкімет органына бағынудан бас тартты (кейбіреулері олай ете алмады), байлар мен кулактар иелігіндегі мал мен жерді өз беттерінше тартып алып жатты.
Қалыптасқан жағдайды жергілікті большевиктер өз мүддесіне пайдалана білді. Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінде, жергілікті гарнизондардағы солдаттар арасында, жұмысшы және кәсіподақ ұйымдарында олардың қызметі барған сайын белсенді бола түсті. Олар Кеңестердің құрамын жаңартуды, «келісімпаз элементтер» (яғни Уақытша үкіметпен және оның жергілікті органдарымен ымыраға келуге тырысушылар) деп аталатын әсерлер мен меньшевиктер өкілдерін билік органдарынан тазартуды талап етті. Мәселен, петропавлдық большевиктер жұмысшы және солдат депутаттары жергілікті Кеңесінің президиумын қайта сайлауға қол жеткізді. Оның басшысы оңшыл әсер JI. Мурашконың орнына солшыл әсер (большевиктердің жақтасы) С. Хох, ал орынбасарлығына большевик Земкин сайланды. Большевиктер өз қызметтерін Қазақстанның өзге де жерлерінде, жекелеп айтқанда, жұмысшы және солдат депутаттарының Семей кеңесінде жандандыра түсті. Олардың жұмысының Кеңестер көлемінде нәтижелі болғандығы мынадай фактілер келтіруге мүмкіндік береді. 17 қазанда Семей облыстық қазақ комитеті басшылығының Уақытша үкіметтің төрағасы Керенскийге жіберген жеделхатында «жергілікті кеңестін большевиктік жолға түскеніне» қатты алаңдайтындарын білдірді.Басқа бір деректе — 1917 жылы 20 желтоқсанда шыққан «Дело Сибири» газетінде — «Үш жүз» партиясынын Құрылтай жиналысына Ақмола облысынан 13 кандидат тіркегені айтылады. Алайда газеттегі тізімде 9 кандидаттың: Бекхожин Хасанкожа, Әлжанов Шәймерден, Тоғысов Көлбай, Торсанов Қази, Қосанов Үсен, Сейфуллин Сәдуакас, Әділов Байсейіт, Абылаев Сұлтан, Әйтпенова Мұхан есімдері көрсетілген..
1917 жылы тамыздың аяғы мен қазан аралығында көптеген Кеңестердің құрамы большевиктерге бүйрегі бұратын жұмысшылар есебінен толықты. Орынбор және Торғайдың кейбір жергілікті Кеңестерінің құрамында большевиктер мен олардың жақтастары сан жағынан артықшылыққа ие болды. Солдат және шаруа депутаттарының Торғай уездік Кеңесі кезінде таратылғаннан кейін Торғай жұмысшы және шаруа депутаттарының Кеңесі болып қайта құрылды, оның басшылығына большевиктерге іш тартатын О. Асауов сайланды. Кеңестер өкілдерінің Бірінші Орал облыстық съезінде (1917 жылғы қыркүйек) жұмысшы, шаруа, солдат және қазақ депутаттары облыстық Кеңесінің атқару комитеті қайта жасақталды. Оның құрамына большевиктер П.А. Парамонов, П.И. Червяков және большевиктерге іш тартатын Ә. Әйтиев, М. Ипмағамбетовтер кірді.Тоғысовтын арнаулы зандық білімі болмаса да 1905 жылдан бастап Семей облысының Зайсан уезінде адвокаттык жүмыспен айналысты. ' Ленин В.И. Поли. собр. соч., т. 31, 135-6..
Қазақстан Кеңестері Ресейді тұтас алғандағы сияқты, халықтың аса кедей бөлігінін саяси ұйымдары ретінде өмір сүрді. Мұндай жағдайда большевиктер «Барлық билік кеңестерге берілсін!» деген ұран тастады. Ұран халықты Уақытша үкіметке қарсы қарулы көтеріліске, елде пролетариат диктатурасын орнатуға шақырды. 1917 жылғы қазан айында большевиктер үстемдік еткен жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінде билікті өз қолына күшпен алуға дайындық басталды. Қалаларда Қызыл гвардия отрядтары құрылды.
1917 жылы 11 қазанда жұмысшы және солдат депутаттарының Петропавл қалалық Кеңесі «бүліктерге және контрреволюционерлерге қарсы күресте солдаттармен бірлесе әрекет ететін саналы жұмысшылардан» Қызыл гвардия бөлімдерін ұйымдастыруға шешім қабылдады».Омский вестник, 1917, 8 марта; Холодков А.А. Петропавловские большевики в трех революциях. А., 1987, 85-6.. Қала большевиктері жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің осы шешіміне сәйкес жергілікті теміржол депосының, былғары және консерві зауыттарының жұмысшыларын Қызыл гвардияға кеңінен тартты және жергілікті гарнизон мен 33-қосымша атқыштар полкінің арасында үгіт жұмыстарын күшейтті. Петропавл қаласында Қызыл гвардия отрядтарын ұйымдастыруда және қарулы көтеріліске шығу үшін большевиктік партияның бағыт-бағдарымен таныстыруда Омбы жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің жанындағы әскери-округтік комитет мүшелері, большевиктер А. Звездов, Т, Ғладышев және басқалар үлкен көмек көрсетгі.Нурпеисов К.Н. Становление Советов в Казахстане. А., 1987, 27-6.. Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басшылары құқық нормаларын өрескел бұзды, олар «революция заңдылығына» сүйене отырып «жаңа тәртіпті» орнатуға құқылымыз дегенді ашықтан-ашық айта бастады. Мұндай сөз бен іс-әрекет жұмысшы-теміржолшы Ағапов басқаратын Перовск қалалық жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесінде іске асырыла бастады. Осы Кеңестің басшылығымен 1917 жылғы қыркүйектің өзінде-ақ қалада жұмысшы-теміржолшылардан қызыл гвардияшыл отряды құрылган болатын, біраз уақыттан кейін оған көршілес селолардан кедей-шаруалар келіп қосылып жатты. Большевиктер мен Перовск Кеңесінің талап етуі бойынша қызыл әскерлерге жергілікті арсеналдан 150 винтовка және бірнеше мың патрон бөлінді.Известия Омского Коалиционного комитета, 1917, 27 сәуір..
Саны 60-тан 80 адамға дейін жететін Қызыл гвардияның шағын отрядтары Түркістан, Ақбұлақ, Ембі, Шиелі, Арал теміржол стансаларында және Жөлек кентінде құрылды. 1917 жылы Түркістанда болған оқиғалар туралы Мұстафа Шоқай өз естелігінде жазғанындай, «жұмысшы және солдат депутатттары Кеңестерінде большевиктер мен солшыл әсерлердің беделі күннен-күнге өсе түсті. Әсіресе кедей шаруалардан шыққан солдаттардың ортасында большевиктік үгіт-насихаттың әсері ерекше күшті болды. Оларға большевиктердің «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жер шаруаларға берілсін!», «Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандары өте ұнады».Газета «Қазақ», 1917, №233; Данное обращение 15-ти в переводе на русский язык было опубликовано в газете «Бюллетень Семипалатинского областного исполнительного комитета» от 17 марта (№11) 1917 ж..
Мұндай жағдай шамамен Қазақстанның басқа өңірлерінен де байқалды. Мәселен, «Свободная речь» («Сөз бостандығы») газеті Павлодарда саны 250 адамдық қызыл гвардияшыл отряд құрылғаны туралы хабарлады. Семей большевиктері Қызыл гвардия мен жұмысшылардың әскери дружинасының бірнеше тобын ұйымдастырған болатын. Зареченская слободада (Жаңа Семей) Абыш Мұсабаев жұмысшы-қазақтардан құралған қызыл гвардияшылар отрядын басқарды.Бюллетень Семипалатинского областного исполнительного комитета, 1917, 17 марта, №11..
Ленин мен большевиктер партиясы елдегі саяси құрылысты күшпен құлатып, Кеңестер түріндегі пролетариат диктатурасын орнатуға дайындық ретінде Қызыл гвардия отрядтарын құруға және солдаттар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берді. Ленин «1917 жылдың қазан-қарашасы қарсаңында әскердің жартысы большевиктік болып шықты. Онсыз біз (яғни большевиктер. — авт.) жеңе алмас едік» деп тегін айтпаған еді.Речь, 1917, 19 марта..
Қазан революциясы қарсаңында Қазақстан большевиктері қоныс аударып келген еңбекшілер мен бірқатар қазақ ауылдарының арасында өз қызметтерін белсенді түрде жүргізді. Омбыда шығатын үкіметті жақтайтын «Сибирская речь» («Сібір сөзі») газеті 1917 жылы 17 қазандағы санында былай деп мазасыздана жазды: «Большевизм... тереңдеп еніп барады. Большевизм идеясын насихаттау Павлодар уезінен байқалып отыр. Мәселен, Алексей Колядасы поселкесінің шаруасынан майданда бауырласу және бостандыққа қол жеткізу қажеттігін дәлелдейтін... үндеу хат табылған».