Ақпарат қабылдаушылар алдындағы жауапкершілік– БАҚ өкілдерінің беретін өнімдерді аудиторияның қабылдауы. «Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5.

Ақпарат қабылдаушылар алдындағы жауапкершілікті сезінетін журналист мына мәселелер шешімін табуы қажет: халық ақпаратты шынайы, қаз-қалпында қабылдай ала ма; дерек және ой-пікірді, комментарийді тең деңгейде түсіне ме; жасалған қорытынды, айырыкша дерек оның себептерінің ықпалы бола ма; нәтижесінде ақпарат қабылдаушының обьективтік жағдай туралы түсінігінде ілгерушілік болмайды. Дереккөздер

Санат: Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары