Ақпарат нарығында байқалатын теріс сипаттағы құбылыстар– қазіргі заманғы (2006) ақпарат нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби мамандарының жеткілікті санының менеджерлердің, шығарм. қызметкерлердің, журналистердің, талдаушылардың, тележүргізушілердің, стрингерлердің, технологтардың, заңгерлердің және басқалардың болмауы; «Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5. Aқпарат нарығы субъектілерінің бірінші кезекте БАҚ-тың тех. жағынан нашар жабдықталуы, ол ақпарат өндіру мен тарату жөніндегі материалдық-тех. базаның әлсіздігінен, ақпараттарды тарататын телекоммуникациялар мен арналарға, әсіресе өңірлерде, қолжетімділіктің шектеулі болуынан туындап отыр; ақпарат нарығының субъектілері, бірінші кезекте БАҚ өте төмен табыстылықпен жұмыс істейді, көп жағдайларда мемлекетке немесе қаржы-өнеркәсіп топтарға тікелей қаржылай тәуелділікте болады және көбіне өз қызметінде олардың мүдделерін білдіреді; нарықтың Ақпарат сыйымдылығының, соның ішінде жарнаманың аздығы; халықтың бір бөлігінің төлем қабілетінің аса жоғары болмауы, ол жеке және заңды тұлғалардың ақпарат өнімдеріне аз шығын жұмсауымен түсіндіріледі; жергілікті, өнірлік және жалпыұлттық телекоммуникация инфракүрылымының және ақпараттар беру мен тарату инфрақұрылымының дамымауы, соның ішінде ақпаратты беру мен таратудың монополиялы түріне жақын жай-күйіне байланысты туындап отыр. Дереккөздер

Санат: Журналистика Санат:Бұқаралық ақпарат құралдары