Заң — аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3 тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт.

Заңнамалық акт — конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;

Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер — заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

Заңнама — белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;

Кодекс — осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;

Конституциялық заң — Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң. Заң жүйесінің иерархиясы Қазақстан Республикасының Конституциясы – иерархия жүйесінде ең жоғарғы және негізгі заңы. Конституциялық заңдар Кодекс Азаматтық кодекс Қылмыстық кодекс Еңбек кодекс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс Азаматтық іс жүргізу кодексі Қылмыстық іс жүргізу кодексі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Заң Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер

Сілтеме Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 Заңы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., №2-3, 25-құжат; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми вебпорталы http://kz.government.kz/documents/presidlaw/laws/page3.html

Санат:Заң Санат:Саясат