Қоңыр — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Жосалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1237 адам (623 ер адам және 614 әйел адам) болса, 2009 жылы 927 адамды (477 ер адам және 450 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 581 адамды (309 ер адам және 272 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1961-1997 жылдары “Жосалы” қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Соның негізінде 1997 жылдан бастап Қоңырда және округке қарасты Былқылдақ, Кеңаша, Тамды ауылдарында ЖШС құрылған.
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы елді мекендері