Людмила Евгеньевна Мельникова (1955 ж. т.), сазгер, ҚР Композиторлар одағының мүшесі. Челябинсктің мәдениет институтын бітірген (1986). Тәттімбет атындағы музыкалық училищеде, ҚарМУ-де оқытушы болған. Ән, баллада, ария, аспапты пьеса, спектакльдерге, хорға арналған музыкалық шығармалар жазады. Балаларға арналған әндері кең танымал. 7 ән кітабының авторы. Қарағанды сазгерлері «Балауса» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (2005).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері