Металлургтер мәдениет сарайы — Балқаш қаласының басты мәдениет-өнер ошағы.
Ғимарат 1952 ж. 1 мамырда ашылды. Жобаның арх. Л. Мелеги, Т.Қ. Бәсенов. Құрылысын 1946 ж. жапон соғыс тұтқындары бастап, оны 1952 ж. Балқаш құрылысшылар аяқтады. Мүсін бейнелері Хакімжан Есімханұлы Наурызбайтың үлгісімен жасалын, ұлттық көркем оюлары халық шеберлері Туғанбаевтың және халық суретшісі Ә. Қастеевтің желісімен жасалған. Ғимараттың жалпы көлемі 49 мың текше метр, ғимаратта 1104 орындық сахна жабдықталған көрермен залы бар. Сонымен қатар онда лекция залы, оқушылар залы, кітапхана, үйірмелерғе арналған бөлмелер бар. 2001 ж. ҚР халық артисі Мағауия Хамзин есімі берілді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Ғимараттың кіре берісінде екі жағынан металлургтің және кеншінің мүсіндері орналасқан. Ал қасбетінің фронтонына «Бейбітшілік» деп аталған, көгершінді ұстап тұрған әйелдің мүсіні орнатылған. Үш мүсіннің де авторы — Бақы Урманче.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Балқаш Санат:Мәдениет Санат:Қарағанды облысы сәулеті