Маңдайқақ – Сарысу алабындағы өзен. Ұзындығы 56 км.

Бастауы Борсеңгір (401 м) тауының солтүстік беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Біройнақ (350 м) тауы маңында Сарысу өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жағасы жайдақ, құмдауытты. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға белініп кетеді. Өзен алабында жайылымдық жерлер, қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланынады. Өзеннің орта ағысындағы аңғарда суы тұщы Ақабай құдығы бар, терендігі 10 м, суының өнімділігі 1000 л/сағ.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Сарысу су алабы Санат:Ұлытау ауданы өзендері