Абай Сабыржанұлы Масалимов (1952 ж. т.), физикалық және кванттық химия, еркін радикалдардың ЭПР-спектроскопиясы саласының маманы, химия ғылымдарының докторы (1993), профессор (1996), ЖМ ХҒА академигі (2005).
С. М. Киров атындағы ҚазМУ-ды бітірген (1974). 1974-77 ж. КСРО ҒА Элементті-органикалық қосылыстар институтында тағылымдамадан өтті (Мәскеу қ.), КСРО ҒА академигі М. И. Кабачниктің зертханасында жұмыс істеді. 1978 ж. ҚазКСР ҒА Химия ғылымдары институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1980 жылпан Е. А. Бекетов атындағы ҚарМУ-да аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, химия ф-тінің деканы және университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, физикалық және аналитикалық химия каф-сының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 200 ғылыми еңбектің авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1952 жылы туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы Химия ғылымдары институты қызметкрелері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары