Асқар Сүйеуұлы Тоқтабаев 1976 жылы 27 мамырда Гурьев қаласында туған. Қазақ.
Әкесі - Тоқтабаев Сүйеу, зейнеткер, Атырау мұнай өндеу зауытының операторы болған. Анасы - Арыстанова Зоя, зейнеткер, сатушы болған.
Қазіргі уақытта - X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетінің студенті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. "Нұр Отан" ХДП мүшесі (2006 жылдан). 2005 жылдан - Атырау облысының бозбалалары арасындағы таэквондо аға жаттықтырушысы. 2002 жылдан бері - №1 ОРМБЖМ жанындағы бөлімшежаттықтырушысы (Атырау). "ҚР Таэквондо федерациясы" РҰБ Атырау облыстық филиалының жаттықтырушысы. Жоғары дәрежелі жаттықтырушы. Таэквондо бойынша қара белдіктің, 3 данның иегері. ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық әкімдігінің грамоталарымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - "Елдің экономикалық және саяси тұрақтылығы". Хоббиі - футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - спорт жайлы газеттер мен журналдар, жергілікті БАҚ. Үйленген. Жұбайы - Қалиева Толқын Тұрсымбекқызы, бухгалтер. Ұлдары - Сүйеуов Әлібек, Сүйеуов Тоқмұхамед.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1976 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Қазақстан жаттықтырушылары