Мәлік Наурызғалиұлы Жекеев - 1948 жылы 1 тамызда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қызыл ту ауылында туған. Қазақ. Әкесі -Жекеев Наурызғали Қалиғазыұлы (1920-1995), ¥ОС қатысқан, Ақтөбе облысы Қобда ауданының партиялық, кеңестік және шаруашылық органдарында басшылық қызмет атқарған, республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер. Анасы - Жекеева Зейнеп Қалдықожақызы (1928 жылы туған), зейнеткер, батыр-ана. Хронологиясы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық институтының агрономия факультетін (Орал қ. 1971) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Алматы жоғарғы партия мектебін (1978) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. «Қобда тарих пен тағылым мекені», «Әке туралы сөз», «Жер реформасы халық игілігі үшін», «Батыр баба Жездібай», «Дария – Ғұмыр», «Бөкенбай – батыр ерлігі елге мұра», «Асылын тауып, ажарын ашайық» кітаптарының; жер реформасы, жерді тиімді пайдалану мен қорғау, мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркациялау жөнінде 30-дан астам мақалалардың авторы. Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. КОКП (1972-1992), «Нүр Отан» ХДП (2006 жылдан) мүшесі. 1965 жылдан - Ақтөбе облысы Қобда ауданының В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тракторисі. 1966 жылдан - Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық институтының студенті. 1971 жылдан - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Жарық» кеңшарында тұқым өсіруші агроном. 1972 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қобда аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1976 жылдан - Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы. 1978 жылдан - Қобда аудандық Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облысы Қобда аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1985 жылдан - Шалқар аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шалқар аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - Ақтөбе облыстық атқару комитетінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1992 жылдан - Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2005 жылдан - Ақтөбе облыстық Жер қатынастары басқармасының бастығы. 2011 жылдан - «Гео Экология» консорциумының жетекшісі. 2016 жылдан осы уақытқа дейін «Геобазис» ЖШС Бас директорының кеңесшісі. Ақтөбе облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1986-1992). Қазақстан Компартиясы XVII съезінің, КСРО Шаруалар одағының III съезінің делегаты. Облыстық партия комитетінің мүшелігіне, облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланды. Жетістіктері «Құрмет» орденімен (2006); «Ерен еңбегі үшін» (1974), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10,20,30 жыл» (2001, 2011, 2021), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Астананың 10, 20 жылдығы» (2008, 2018), «Парасат» орденімен (2019) ҚР СІМ «РФ мөн ҚР арасындағы мемлекеттік шекара жөніндегі келісімге қол қою құрметіне» (2005), Ресей авиағарышының «Жер үстіндөгі ғарыштық инфрақұрылымдарды жасауға қосқан шығармашылық үлесі үшін» (2009) медальдарымен; БЛКЖО ОК белгісімен (1975) марапатталған. ҚР Құрметті жер құрылысшысы (2003). Ақтөбе облысының Жыл адамы (2004). Ақтөбе облысы Шалқар ауданының (1998), Қобда ауданының (1999) Құрметті азаматы. Ақтөбе облысының Құрметті азаматы (2010). «ҚР ауылшаруашылығының үздігі» (2020)
Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - материалист. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның гүлденуі - Еуразиялық құрлықтағы өркениетті мемлекетке айналуы». Хоббиі - аң аулау, балық аулау, туризм; Қазақстан халықтарының тарихи мұраларын жинау. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, тарихи романдар, деректі повестер, классика, әзіл әңгімелер. Үйленген. Жұбайы - Саттарова Сақыпжамал Айғалиқызы, Ақтөбө облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрайымы. ¥лы - Абат (1972 жылы туған); қыздары - Әсия (1979 жылы туған), Әлия (1983 жылы туған). Немерелері - Әсем, Әсет, Сұлтан, Аяна, Әмір, Алихан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар