Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов (1 маусым 1948, Карповка ауылы, Омбы облысы — 2 шілде 2022, Астана) — қазақстандық саясаткер. Жезқазған, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бұрынғы әкімі және бұрынғы Көлік және коммуникация министрі.

Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан.

Еңбек жолы Ленинград темір жол транспорты инженерлерінің институтын бітірген (1971).

1973-1987 жылдары Павлодар облыстық комсомол, партия, кеңес ұйымдарында жұмыс істеген. 1987-1993 жылдары КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігі бас басқармасы бастығынын орынбасары, Қазақстан КП ОК нұсқаушысы, Семей қалатком төрағасы. 1992-1994 жж. Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы және өнеркәсібі кәсіпорындары корпорациясының вице-президенті. 1994-1996 жж. Жезқазған облысының әкімі. 1996-1997 жж. Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 1997-1999 жж. «Қазэнергосервис» компаниясының президенті. 1999-2002 жж. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2002-2005 жж. ҚР Көлік және коммуникация министрі. 2005-2006 жж. ҚР Президентінің кеңесшісі. 2006-2008 жж. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті. 2014-2020 жж. ҚР Автожолшылар қауымдастығының басшысы.Скончался Кажмурат Нагманов – бывший транспортный чиновник Казахстана

ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты. Жезқазған қаласының құрметті азаматы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Шығыс Қазақстан облысының әкімдері Санат:Жезқазған облысының әкімдері Санат:Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері