Бәшір НұрмағамбетовҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), озат шахтер, Қазақстан көмір өнеркәсібінде стахановшылар қозғалысын бастаушылардың бірі, Қарағанды көмір комбинатының комбайн машинисі. 1914 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.

Еңбек жолдары 1941 жылдан КОКП мүшесі. Еңбек жолын 1928 жылдан бастаған. Қарағанды көмір өнеркәсібінде 1937 жылдан бастап істеген. Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлықпен еңбек етіп, күн сайын 3 нормадан, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі социалистік жарыста 2 нормадан орындап, еңбек даңқына бөленді. Коммунистік еңбек бригадасын басқарды. 2-4 сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. 1949-1956 жылдары ҚазССР Жоғарғы Советінің Президиум мүшесі болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар

Дереккөздер

Дереккөздер Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары