Құмкөл — Құланөтпес алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының орталық бөлігінде тұйық көл. Нұра кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, теңіз деңгейінен 400,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Көлдің ауданы 9,1 км2, ұзындығы 4,9 км, ендірек жері 2,8 км. Орташа терендігі 2,5 м, жағалау сызығының ұзындығы 13 км. Су жиналатын алабы 107 км2 (70%-і жыртылған), су көлемі 16 млн м3. Судың ең биік деңгейі — сәуірде, ең төменгісі - қазанда. Су деңгейінің жыл бойғы ауытқу мөлшері 0,6 м. Түбі лайлы. Мұзы қарашаның соңында қатады, сәуірдің 2-жартысында түседі.
Жағалау сипаты Көл жағалауында қамыс, қоға өскен. Онда үйрек, қаз және басқа құстар ұялайды. 1978 жылдан бастап көл суда жүзетін құстарды көбейту учаскесі болып табылады (аңшылыққа тыйым салынған). Сондай-ақ ондатр қоныстандырылды. Көлде күміс табан балық өседі. Суы жұмсақ, тұщы, шамалы сілтілі, негізінен мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы көлдері